Кімдер зейнетке ерте шыға алады?
Кімдер зейнетке ерте шыға алады?
7 жыл бұрын 4134

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында кімдер зейнетке 50 жасында шыға алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

«Егер жұмыскердің өзінің 1998 жылдан аударатын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы, жұмыс берушілердің 2014 жылдан жасайтын жарнасы және ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті болса (ер адамдарға - 7 098 035 теңге, әйелдерге – 9 890 035 теңге), онда ол азамат зейнетке 50 жасында шыға алады», - деді вице-министр.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне сүйенсек, мұндай құқықты зиянды еңбек жағдайындағы 640 адам пайдаланған.

Естеріңізге сала кетейік, келесі жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне байланысты есептеледі.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Негізі өңірлерге шығып, азаматтармен кездесудеміз. Бір айта кететін жайт, негізі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін ынтымақты еңбек өтілі саналатын. Ал 1998 жылдан кейін зейнетақы жүйесіне қатысы бар жарналарды аударған жылдар есепке алынады», - деп түсіндірді ол. 

0 пікір
Мұрағат