Соңғы 20 жылда климат дағдарысына қарсы күреске кеткен шығын 800%-ға өскен
Соңғы 20 жылда климат дағдарысына қарсы күреске кеткен шығын 800%-ға өскен
2 жыл бұрын 1399 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Соңғы 20 жылда әлем қауымдастығының табиғи апаттардан, төтенше ауа райынан, тілсіз жаудан (зілзала, тасқын-сел, өрт, құрғақшылық) қысқасы, жаһандық жылыну мен климат дағдарысының ауыр салдарынан зардап шеккендерге берген жәрдемі 800%-ға ұлғайған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аштықпен және теңсіздікпен күрес жөніндегі Oxfam ұйымының бұл тараптағы баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Климат дағдарысын тудырған дамыған елдер осы дағдарыстан зардап шеккендерге бөлген көмегі қажеттіліктің жартысын ғана құрап отыр.

-        2021 жылы ауа-райының қолайсыздығы БҰҰ-ның гуманитарлық көмек сұрауының басты себебі болды, ол өтініштердің 78%-ын құрады. 2000 жылы олар небәрі 35,7% құрады.

  • 2021 жылы табиғи апаттаррдан, атап айтқанда, орман өртінен, құрғақшылықтан, тасқын-селден әлем экономикасы 329 млрд доллар шығын көрді.

-        Соңғы бес жылда дамушы елдер 63-75 миллиард гуманитарлық көмек сұраған екен, алайда, донор елдер оның жартысына жуығын – 35-42 млрд. берген.

  • Дәулеті шалқыған елдердің атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газының мөлшері - 37%, ал табысы төмен елдердің бұл тараптағы көрсеткіші 0,1%-дан аспайды. Соған қарамастан дамыған донор елдердің климат дағдарысынан зардап шегіп отырған елдерге берген көмегі мардымсыз.

 Ұқсас материал: 

"Ең шығыны көп ғаламдық проблема аталды" (https://islam.kz/kk/news/alem/en-shygyny-kop-galamdyq-problema-ataldy-16724/#gsc.tab=0);

"Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша" (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-auanyn-lastanuynan-qansha-ekonomikalyq-shygyn-keledi-nemese-adam-shygyny-qansha-11160/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат