Солтүстік Кореяға қойылған шектеулердің ақыры аштыққа апаруы мүмкін
Солтүстік Кореяға қойылған шектеулердің ақыры аштыққа апаруы мүмкін
8 жыл бұрын 3086 khabar.kz

Санкция демекші, қосымша қыл бұраулардың боларын ескерген Солтүстік Корея үкіметі жергілікті халқын төзімді болуға қазірден шақырып жатқан сыңайлы. Себебі жаңа шектеулер шетелдермен алыс-берісті, түрлі деңгейдегі байланыстарды үзуі мүмкін. Кей сарапшылардың пікірінше, санкциялар шет-шетінен салына берсе, елде 1993 жылы болған жағдайдың қайталануы ықтимал. Әр түрлі деректерге сүйенсек, ол кезде аштықтың салдарынан 240 мыңнан бастап 3,5 миллионға дейін адам опат болған көрінеді.  Айта кетейік, 2 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы 20 жыл ішіндегі ең қатаң санкциялар тізімін бірауыздан мақұлдаған болатын.

0 пікір
Мұрағат