Сириядағы соғыста жалпы қанша адам қаза тапты?
Сириядағы соғыста жалпы қанша адам қаза тапты?
7 жыл бұрын 3960 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2011 жылы басталған Сириядағы қарулы қақтығыстың арты соғысқа ұласып, алты жылдан аса уақыттың ішінде құқық қорғаушылардың есебі бойынша 330 мыңнан аса адам қаза тапқан. Олардың ішінде бейбіт тұрғындар да, әскерилер де, содырлар да бар. Бұл жайында BFMTV Адам құқығы жөніндегі сириялық обсерватория дерегіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Тарқатып айтқанда, соғыстан қаза тапқандардың шамамен 100 мыңы - азаматтық тұлғалар, соның ішінде, 18 мыңнан аса бала мен 11,5 мың әйел бар. Ал үкімет пен оның одақтастырының әскерінен 117 мыңға тарта адам опат болған. Түрлі террористік топтар мен шетелдік жалдамалылардан және ириялық оппозициядан 115 мыңға жуық адам ажал құшқан. 

0 пікір
Мұрағат