Сириядағы соғыс шығыны есептелді
Сириядағы соғыс шығыны есептелді
7 жыл бұрын 2723 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік банк сарапшылары 2011 жылы тұтанған Сирия аумағындағы соғыстан келген шығынды есептеді: 226 миллиард доллар. Аталмыш әлемдік қаржы ұйымының дерегіне қарағанда, елдегі әлеуметтік-экономикалық байланыстың үзілуі инфрақұрылымға келген залалдан әлдеқайда көп шығынға батырған. Есеп-қисап бойынша соғыс өрті тұтанғалы сәттен бастап жалпы ішкі өнімнің жиынтық шығыны 2010 жылғы жалпы ішкі өнімнен төрт есе асып түскен. Бұрын соғыс басталмай тұрып бұл елдегі жалпы ішкі өнім 60,2 млрд долларды құраса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 24 млрд доллардан аспай қалған. 

0 пікір
Мұрағат