Қыздарға тыйым салынған пән оқытылатын болды
Қыздарға тыйым салынған пән оқытылатын болды
7 жыл бұрын 3464 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі мемлекеттік мектептерде оқитын қыз балаларға дене шынықтыру сабағына қатысуына рұқсат берді. Бұдан былай мектеп қабырғасында білім алып жүрген қыз балаларға да дене шынықтыру пәні өткізілетін болды. Бұл жайында "Ассошиэйтед Пресс" ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш елдің білім беру министрлігі аталған пәннің шариғат талаптарына сай өткізілетінін мәлімдеді. Айта кетейік, осы уақытқа дейін саудиялық оқушы қыздар дене шынықтыру сабағына қатыспайтын еді. Ендігі жерде олар да мектеп аумағындағы спорт обьектілерін пайдалана алады. 

0 пікір
Мұрағат