Сирия президенті намаз кезінде өзін біртүрлі ұстады (ВИДЕО)
Сирия президенті намаз кезінде өзін біртүрлі ұстады  (ВИДЕО)
7 жыл бұрын 6927 islamnews.ru

Ғаламтордың араб тілді қолданушылар Сирия президенті Башар Асадтың Мәуліт мерекесіне орай жамағатпен оқылған намаз кезінде өзін ебедейсіз ұстағанын талқылап жатыр. Тікелей эфирді Сирияның мемлекеттік теледидары жүргізген болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары президенттің өз денесіне ие бола алмай жайсыз күйді бастан кешкенін аңғарып қалған екен. Әсіресе, Сирия мүфтиі Бадруддин әл-Хассун мен уақыптар министрі Мұхаммед Әбдел Саттар ас-Сайедтің жанында бір сапта тұрған кезіндегі қимылы елдің назарын аударған болатын. Ғаламтор қолданушылары президенттің рүкүғқа барған кезінде ауыр дем алғанын сан саққа жоруда. Нақтырақ айтқанда, президенттің денінің саулығына күмән келтіріп жатқандар бар.

1 пікір
  • BQ
    Денсаулығы болмай болмаса намазға жамағатпен көп тұрып жүрмеген адамның осылай оқитыны бар. Мүмкін денсаулығы жоқ шығар. Не болсада намаз оқуы ханафилер сияқты екен. Сосын, Б.Асадты алавит деуші еді, олар христиандандып кеткен мұсылмандардың бір тармағы емес пе?
    7 жыл бұрын
Мұрағат