Шығыс ас мәзірі Австралия тұрғындарының көңілінен шықты
Шығыс ас мәзірі Австралия тұрғындарының көңілінен шықты
10 жыл бұрын 3440

Австралия астанасы – Сидней қаласы маңындағы Лакемба елдімекенінде жақсы дәстүр қалыптасқан. Міне, он жылдың жүзі болды, жыл сайын қасиетті Рамазан айында Сидней мұсылмандарының бір-бірімен бас қосып, жүздесетін Лакемба елдімекенінде ақшамнан кейін шығыс тәттілерімен және ас мәзірімен мұсылмандар ауыз ашатын болса, мұсылман еместер де осы арадан дәм татады. Шығыс асханасына арналған фестиваль аясында мұндағы сауда орындары таң  аатқанша ашық тұрады. Қала тұрғындары мен меймандары түйе етінен дайындалған гамбургер, кебаб, ливандық тәттілерді, т.б. сатып алып жатады. Түйе етінен дайындалған гамбургер сататын Яссир Эльятим есімді саудагер соңғы аптада 300 тонна ет кеткен гамбургерлерді сатып, пайдаға кенелгенін жеткізді. Ол бұл қаражатты Сириядағы мұқтаж босқындарға аударатынын жайып салды.

0 пікір
Мұрағат