Шри-Ланкадағы су тасқынынан миллиондаған адам зардап шекті
Шри-Ланкадағы су тасқынынан миллиондаған адам зардап шекті
2 жыл бұрын 655

Шри-Ланкада өткен жылдың желтоқсан айының орта шенінде басталған нөсерден миллиондаған адам үй-жайларын тастап шығуға мәжбүр болды. Бұл жайында табиғи апаттардың салдары мен зардаптарын жоюмен айналысатын орталық мәлім етті. Екі аптаға созылған жауын маусымы кезінде кем дегенде 39 адам қаза тауып, 20 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Желтоқсан айының 19-ы күні басталған нөсерден Шри-Ланканың орталық және солтүстік бөліктері қатты зардап шекті. Сондай-ақ, шелектеп құйған жауыннан лай көшкіні жүріп, талай үй көміліп қалған. Су тасқыны орын алған аудандардағы ауруханалардағы сырқаттар мен түрмелердегі тұтқындар да қауіпсіз жерге көшірілген. 2013 жылы еліміз Шри-Ланкаға 200 мың доллар қаржы мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Пікір білдірілмейді.