Шіркеу гендік модифициялық тағам өнімдерін тұтынуға тыйым
Шіркеу гендік модифициялық тағам өнімдерін тұтынуға тыйым
9 жыл бұрын 3280

Ресей Федерациясы аумағындағы монастырлерде православтық тағам өнімдерін өндіру ісі қолға алынды. Бұл елде православ христиандарына «трансгендік майларды, сапасы нашар ішімдік түрлерін, чипсті, энергетикалық сусындарды» тұтуныға тыйым салынды. Бұл жайында Gazeta.Ru ақпарат көзі Шіркеу мен қоғамның өзара байланысына жауапты бөлім жетекшісінің орынбасары, священник Роман Богдасаровқа сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Христиандарға барлық өнімді тұтынуға рұқсат берілмеген. Кейбіреулер әдетті жай күндері бәрін жей беруге болады деп қате пайымдайды. Мәселен, адамның тек өзіне ғана емес, сонымен қатар, оның ұрпағына да көп зиянын тигізетін гендік модифицияланған өнімдерді тұтынуға тыйым салынған. Шіркеу ережесі бойынша адам денсаулығына залал келтіретіндерді тұтыну күнә есептеледі»,- Роман Богдасаров. Оның айтуынша, монастырлерде нан, сүт және ірімшікпен қатар түрлі тағам өнімдері дайындалып жатыр. Сондай-ақ, ол параға келген тағам өнімдерін де тұтынудың күнәға апарып соқтыратынын тілге тиек етті. 

 

Сүрсүбенің ішек обырын тудыратыны анықталды 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының айтуынша, қайта өңдеуден өткен, күніне желінген 50 грамм еттің өзі жеткілікті екен ішек обырының пайда болуына. Нақтырақ айтқанда, күніне қайта өңдеуден өткен етті 50 грамнан асырмай жеген күннің өзінде адамның бойында обырдың пайда болу қатері 18 пайызға артатын көрінеді. Сарапшылардың сөзіне сенсек, сүрсүбе (әдейілеп қақталған, жеңіл тұздалған жас шошқаның еті) мен шошқаның тұздалған, қақталған етіндегі консервациялар адам денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты аталмыш ұйым аталған ет өнімдерін қатерлі тағам түрлеріне жатқызып отыр. 

0 пікір
Мұрағат