Шиғалар пиарды қалай-қалай ұйымдастырады, ә?! (видео)
Шиғалар пиарды қалай-қалай ұйымдастырады, ә?! (видео)
7 жыл бұрын 3371 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шариғатқа қайшы «жабайы жарнама» жасалды. Жасаған - шиғалар. Дәлірегі, спутниктік Fadak TV-да. Радикалды шиғалар уағызшысы Йасир әл-Хабиб негізін қалаған телеарна эфирінен берілді. Біз сөз етіп отырған «жарнаманың» жанында әлемге әйгілі брендтерге қатысты жарнамалар жіп есе алмайды.

Түсінікті болуы үшін тарқатып айтсақ, әлдебір алжирлік азамат әлеуметтік желіде наурыз айының 24-і күні болған шиғаларға «куәләк айту» бейнеленген таспадан үзінділер жариялапты. Өзін Али деп таныстырған алжирлік азамат шиғалар уағызшысының насихатынан кейін сүнниттік бағыттың «жалғандығын» байқап, шиит болғысы келетінін мәлімдеді. Эфирден беріліп жатқан хабарда Йасир әл-Хабиб өзіне хабарласып тұрған адамның мұсылман екенін біле тұра оған шаһадат айтуын талап етіп, артынан «мүміндер әміршісі Алидің (р.а.) және оның жары Фатиманың (р.а.) Аллаһтың сүйікті құлдары» екеніне, сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) отбасына Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.), Осман (р.а.), Айша (р.а.) және өзге де жаулардың зұлымдығынан Аллаға сиынамын...» деп, куәлік етуін сұраған. Одан кейін байланыс үзіліп қалады да тележүргізуші: «Аллаға мадақ-мақтау болсын, ол шииттікті қабылдады, құтқару кемесіне мінгенімен бауырымызды құттықтаймыз»,- деп сөзін қорытындылайды.

Айта кетейік, Йасир әл-Хабиб өзге шииттік әріптестеріне қарағанда сахабаларға қатты шүйлігетіндігімен аты шыққан уағызшы. Кувейт азаматы болып тұрған кезде осы елдің сотымен ондаған жылдарға абақтыға жабылған болатын. Экстремизмге және мұсылман қоғамына жік салғаны үшін. Бірақ, неге екені белгісіз, үш айдан кейін ол рақымшылыққа ілігіп, түрмеден шығады. Бостандыққа шыққан соң қарап жатпай, аталған елден қарасын батырады. Дәлірегі, Иракқа бас сауғалайды, көп ұзамай Иранға өтеді. Ақырында Ұлыбританиядан саяси пана тауып, тұманды Альбионға түпкілікті қоныс аударды. Бұл елде де тыныш жүрмей Маһдиге қызмет етушілер қоғамын құрады. 2010 жылы қаржы тауып Fadak TV телеарнасын ашады. Аталған телерана үш тілде, атап айтқанда, ағылшын, араб және парсы тілдерінде хабар таратады. 

 

0 пікір
Мұрағат