ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ДІНИ РӘСІМ АТҚАРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ДІНИ РӘСІМ АТҚАРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
8 жыл бұрын 2636 e-islam

Әзірбайжан елінде азаматтығы жоқ дін уағызшыларына ислами рәсімдерді атқаруға тыйым салынады.

Бұл ережені бұзушыларға үлкен көлемде айыппұл салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Тиісті өзгерістер мен толықтырулар Әзірбайжан Қылмыстық кодексіне енгізіледі.

Уағыз-насихат мәселесі ел парламентінің құқықтық саясат, мемлекеттік құрылыс, қоғамдық бірлестіктер мен діни құрылымдар бойынша комитет отырысында талқыланды. Еске сала кетсек, қазіргі уақытта Әзірбайжан республикасында шетелде діни білім алған имамдарға ғана ислами рәсімдерді атқаруға тыйым салынған.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілетін өзгерістер аса ірі көлемде айыппұл тағайындау және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесу мәселелері де қарастырылмақ.

0 пікір
Мұрағат