Шекара дуалының жартысын салып бітірді
Шекара дуалының жартысын салып бітірді
7 жыл бұрын 3134 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия Сириямен арадағы шекара дуалының жартысын салып болды. Бүл туралы «Анадолы» ақпарат агенттігі хабар таратты. Аталған ақпарат көзі Түкрияның тұрғын үй құрылысын дамыту басқармасының жетекшісі Ергүн Тұранға сілтеме жасап отыр. Оның айтуынша, қазіргі уақытта алты кедендік провинцияның жартысында, нақтырақ айтқанда, 511 шақырымға созылған дуал бой көтерген. Дуалдың қалыңдығы – 30 см, биіктігі – 3 м. Дуал әрқайсысы салмағы 7 тонна тартатын бетон блоктан тұрады,  Бұған қоса, дуалдың үстінен бір метр биік етіп істік-істік темір тартылады. Сондай-ақ, автоматты жүйеге қосылған сегіз метрлік мұнара тұрғызылады. Айта кетейік, соңғы уақытта халықаралық миграциялық процестің қарқын алуы мен терроризм қаупінің артуына байланысты әлемнің бірқатар елінде (мысалы, Израил, АҚШ, т.б.) шекарада дуал тұрғызып жатыр.

0 пікір
Мұрағат