Шартарап: Үндістанда су перісі синдромына шалдыққан сәби дүниеге келді (фото)
Шартарап: Үндістанда су перісі синдромына шалдыққан сәби дүниеге келді (фото)
8 жыл бұрын 7495 24.kz Daily Mail inform.kz Gizmag Mashable stan.kz Г.Абилова

Уттар-Прадеш штатының Сахаранпур қаласындағы перзентханада болған оқиғадан жұрт жағасын ұстады. Мұнда айы-күні жеткен 22 жастағы келіншек денесінің төменгі бөлігі тұтасып қалған сәбиді дүниеге әкелді. Тіпті осыған байланысты баланың жынысын анықтау мүмкін болмаған. Медицина тілінде сиреномелия («сирена» - лат. су перісі) синдромы аталатын дертке шалдыққан шақалақ небәрі 10 минут ғана өмір сүріп шетінеген. Жалпы сиреномелия - дененің төменгі бөлігінің біртұтас болуы дерті. Келіншекті босандырған гинеколог Вандана Ария былай дейді: «Дене кемістігі бар талай сәбидің дүниеге келгенін көрдім. Бірақ, бұл жолы туылған шақалақтың жөні бөлек болды. Оның дене пішіні балыққа өте ұқсас болып, қолдарын балық қанатын қалай сермесе, ол да солай қозғалтты. Денесінің үстіңгі бөлігі сап-сау болып туылып, төменгі жағы дамусыз қалған болып шықты».  Сәбидің анасы жүктіліктің 30 аптасына дейін ешнәрсеге шағымданбаған. Ал одан соң ультрадыбыспен зерттеу кезінде баланың бүйректері дамымай қалғаны белгілі болыпты. Дәрігерлердің айтуынша, су перісі синдромына келесі жәйттер себеп болуы мүмкін: дәрі-дәрмекті жүктілік кезінде шектен тыс көп ішу, дәрумен жетіспеушілігі, тұқым қуалау, диабет.

Үндістанда су перісі синдромына шалдыққан сәби дүниеге келді (фото)

 

Қытайда 31 саусағы бар бала туды (фото)

Қытайда аяғында 16, қолында 15 саусағы бар баланың отбасы операцияға қаражат іздестіріп жатыр.

AP_44899749.ea856

http---i.blueprint.mashable.com-ybRCubeM4QkulFd9tAEYuUtsmzE=-blueprint-api-production.s3.amazonaws.com-uploads-card-image-78290-AP_931270631480

Баланы Гонконг деп атаған. Баланың анасы заманауи 4D УЗИ-ге түскен. Қорытындыны тексерген дәрігерлер де баланың дамуына қатысты ешқандай жағымсыз ақпарат айтпаған.

Баланың анасында да артық саусақтар бар. Жалпы саны – 24. Қолында – 12, аяғында – 12. Аурудың мұндай түрі жаңа туған 5000 сәбидің біреуінде ғана кездеседі екен. Ал операция құны 100 мыңдаған доллар тұруы мүмкін. Жергілікті басылымдар Гонконгтың денсаулығы үшін ақша сұрастыруда.

AP_81419114.1991f

AP_29358556.ccaf1

Фото: ZHOU MIN/IMAGINECHINA

 

Француз ховербордта ұшып рекорд орнатты (ВИДЕО)

«Zapata Racing»  компаниясының негізін қалаушы және  «Flyboard UFO» ховербордын жасаған Фрэнки Запата ховербордта ұшу алыстығы бойынша Гиннестің жаңа рекордын орнатты. «Flyboard UFO» аталатын реактивті ховерборд (джетборд) үстінде адам тік тұрып ұшады. Ұшу  аппараты шағын реактивті қозғалтқышпен жабдықталған, ол үш шақырым биіктікке көтеріліп, жылдамдықты сағатына 150 шақырымға дейін жеткізе алады. Жанармай қоры оның үздіксіз 10 минут ұшуына жетеді. Рекордтық ұшудың ұзақтығы 2 252 метр болды. Ұшырылым уақытында Запата аспанған 50 метр биіктікке көтерілді.  

Австралиялықтар Қытайға таза ауа жеткізе бастады 

Австралиялық кәсіпкер Джон Дикинсон мен Тео Руйгрок ауа сату бизнесін бастады. Олар темір қалбырға ауа жинап, оны Австралиядан Қытайдың қоршаған ортасы ластанған жерлеріне жеткізеді  Бір қалбырдағы таза ауа 130 рет терең дем алуға  жетеді.

Ауаны Оңтүстік Уэльстің Көгілдір тауларынан, Бонди жағажайынан, құрлықтың ірі туристік орталықтарының бірі - Голд-Кост қаласынан жеткізеді. Қытайлықтар бір банкі ауаны шамамен 20 долларға сатып алады.

Австралия ауасымен тыныстау үшін әр құтыға қоса берілген бетпердені пайдалану жеткілікті. Бизнесмендер ауа зарарсыздандырылған жабдық көмегімен алынатынын, сапа бақылауынан өтетінін атап өткен.

Қытайлық саудагер Вивиан Чжоудың айтуынша, ауаның ластануы - ел үшін үлкен проблема екенін, ал сатып алушылар австралиялық ауаны жақсы көреді екен. 

0 пікір
Мұрағат