Әсіре сақтық полицияны күлкіге қалдырды
Әсіре сақтық полицияны күлкіге қалдырды
8 жыл бұрын 2550

Кувейтте ыңғайсыз жағдай орын алды. Сауда орындарының бірінде тұтынушылардың бірі сырт көзге қабат-қабат киініп алғандай көрінгенімен, киімнің астынан жанкешті белбеуін тағынып алғандай көрінген ер адамнан күдіктеніп, полицияға хабарласқан. Террористік қауіптен әсіре сақтық танытқан полиция қызметкерлері дер кезінде келіп, күдікті көрінген адамды тұтқындап әкетеді. Артынан күдіктінің фото-суреті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.  Күдіктінің сырт киімін шешкен кезде жанкештілер тағатын белбеуге ұқсас жилет киіп алған болып шықты. Салмақ тастау үшін осы ауыр жилетті киіп алып жүгіретін ер адамды еркіне жіберді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Al Arabiya» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат