Шартарап: Жапонияда робот телефон жасалды (ВИДЕО)
Шартарап: Жапонияда робот телефон жасалды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2889 inform.kz The Verge 24.kz politeka.net

Жапонияның "Sharp" компаниясы өткен күзде "RoboHon" атты шағын робот пен смартфонның гибридін жасайтынын  мәлімдеген. Робот жүре алады, билейді, телефон иесімен әңгіме құра алады, пошта қабылдап, жоспарланған шаруаны еске салып тұрады. Әрі осымен бірге ол арқылы қоңырау шалуға болады. "RoboHon"-ның бойы 19,5 см салмағы 390 грамм. Оның 8-мегапиксельді камерасы, проекторы және арқасында диагоналі 2 дюйм  дисплейі бар. Ол 4-ядролық Snapdragon 400 процессорымен жабдықталған. "Робот Android" 5.0 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Ол Жапония нарығына 26 мамырда шығады деп күтілуде.

Қонуға бет алған ұшақ саяхатшыға соғыла жаздады (видео)

Кариб аралы Сент-Бартельмиде жеңіл моторлы ұшақ туристі қағып кете жаздады. Бұл туралы CNN агенттігіне сілтеме жасап, Haber7.com хабарлайды. Ұшқыш қонар кезде ұшақтың жақын пландағы суретін түсірмек болған Мекки Джэйди есімді саяхатшы әрі әуесқой фотографқа әуе көлігін тура бағыттаған. Мекки Джэйди аралға өзінің кезекті демалысымен әдейі арал бөктерін суретке түсіру үшін келген екен. Дәл сондай сәттердің бірінде ұшақ өте төмен ұшып келіп, оны іліп әкете жаздаған. Туристің қасында 360 градустық камерасын сынақтан өткізіп жүрген ер адам оқиғаны бейнекамерасына түсіріп алған.

 

0 пікір
Мұрағат