Шариғат шәлісін жамылған әйелге жасалған жантүршігерлік шабуыл (ВИДЕО 18+)
Шариғат шәлісін жамылған әйелге жасалған жантүршігерлік шабуыл (ВИДЕО 18+)
8 жыл бұрын 6106

Брюсселде өткен демалыс күні исламофобтардың иммиграцияға қарсы акциясы кезінде белгісіз біреу автокөлігімен шариғат шәлісін жамылған әйелді қасақана қағып кетті. Нақтырақ айтқанда, ғаламторда видеосы жарияланған бұл қылмыс Брюссель қаласының Моленбик ауданында орын алған болатын. Дүкеннен қолына пакет ұстап шыққан мұсылман әйелді «Audi» маркалы автокөлік қақты. Бір тәуірі, мұсылман әйел өміріне қауіп төндірген бұл апаттан аман қалды. Әйтсе де, басынан және аяғынан жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл жайында «IslamNews» порталы «9News.com.au» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Осы сұмдыққа куә болғандардың сөзіне қарағанда, мұсылман әйелді қаққан автокөліктің ішінде екі жас жігіт болған. Олар мұсылман әйелдің машина қаққанын қызықтай тамашалап, қалта телефондарына түсіріп алған. Полиция қаскүнемдерді іздестіріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат