Шариғат шәлісін жамылған әйелдер христиан елдерінде саяси өмірге араласа бастады, ал кей мұсылман елдерінде орамал таққаны үшін басы даудан арылмайды
Шариғат шәлісін жамылған әйелдер христиан елдерінде саяси өмірге араласа бастады, ал кей мұсылман елдерінде орамал таққаны үшін басы даудан арылмайды
6 жыл бұрын 3564 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германияның азат демократиялық партиясы атынан кандидат болған мұсылман әйелдің сайлауалды афишасы ел тұрғындарын бей-жай қалдырмады: кейбіреулерге шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелдің бейнесі ұнап қалса, енді біреулер мұсылманның христиан елінде сайлауға түскенін «шектен шыққандық, басынғандық» деп бағалады. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Айгүл Қылыш есімді тегі түрік әйел әлеуметтік желіде өзінің сайлауалды науқанға байланысты насихатын жүргізіп, афишасын жариялаған екен. Facebook-те оның бұл жазбасын талқылағандар қарасы көп болды. Интернет пайдаланушылардың пікірі қақ жарылды. Біреулер мақтаса, енді біреулер даттады. Айгүл Қылыш Германияда тұратын азшылықты құрайтын мұсылмандар мен келімсектердің даусына үміт артатынын да жазыпты. Десе азшылықты құрайтындардың қарасының өзі аталған елде әжептәуір екенін ескерсек, оның кандидаты жеткілікті қолдауға ие болуы мүмкін. Ноймюнстер қаласындағы жергілікті сайлауда бағын сынап көрмек болған мұсылман әйелдің өзге елде, христиан еліндегі бұл әрекетін батылдыққа балап жүргендер де бар. Ол муниципалды балалар бақшасындағы әлеуметтік ассисент болып қызмет атқарған. Балалары жоғары білім алған соң оның өзі университет түлегі атанды. Азат демократиялық партия жетекшісі Вольфганг Кубики "Die Welt" мерзімді басылымға берген сұхбатында өздерінің партия атынан сайлауға ниеттеніп отырған әйелдің шариғат шәлісін жамылатынын желеу етіп, саяси науқаннан шеттетуге ешкімнің құқы жоқ екенін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат