Шанхайда жерлеудің жаңа тәсілі пайда болды (видео)
Шанхайда жерлеудің жаңа тәсілі пайда болды (видео)
8 жыл бұрын 3859 24.kz

Шанхайда қайтыс болған жандарды жерлеудің жаңа тәсілі шықты. Өйткені үлкен мегаполистегі зиратта орын жоқ. Сондықтан жаназа шығарумен айналысатын жергілікті бюро қымбат емес экологиялық қызмет түрін ойлап тапты. Одүниелік болған адамның мүрдесі өртеліп, күллі биологиялық тыңайтқышқа айналып кететін ыдысқа салынады. Ал оның үстіне гүл отырғызылады. Үш айдан кейін барлығы топыраққа сіңіп кетеді. Жерлеу қызметін көрсететін бюро бұл күндері Шанхай тұрғындарын осы тәсіл арзан әрі экологиялық таза деп үгіттеп бағуда. Тіпті осы жолды таңдаған тұрғындарға ақшалай жеңілдік жасайды. Қазір экологиялық жерлеу тәсілін 30 пайыз халық құптайды екен. Өйткені Қытайда қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салу тым қымбатқа түседі. Шанхайлықтар үшін тағы бір тәсіл бар. Жаңа технология бойынша сүйекті өртеп, күлге емес, 150-дей шағын кристалға айналдырады. Оны үйге сақтап қоюға болады немесе алқа, сырғаның тасына айналады. Бұл тәсіл де қытайлықтар үшін екі есе арзанға түседі.

Гы Ли, Шанхай тұрғыны: - Маған міндетті түрде молада жату қажет емес. Әрқайсымызға зират бұйыра бермейді ғой.

 

0 пікір
Мұрағат