Пайғамбарымызға тіл тигізгені үші жазаға кесілген тілші... тағы тіл тигізді
Пайғамбарымызға тіл тигізгені үші жазаға кесілген тілші... тағы тіл тигізді
8 жыл бұрын 5541

Түркияның оппозициялық  «Республика» (Cumhuriyet) мерзімді басылымының тілшісі Жейда Каран ислам құндылықтарын қорлағаны үшін, дәлірегі, Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  тіл тигізгені үшін сот шешімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жайында «Reuters» ақпарат ресурсы хабар таратты. Хикмет Четинка мен Жейда Каран Францияда шығатын, Екі әлем Сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) карикатурасы мұқабасында жарық көрген, исі мұсылманның наласына қалып, наразылығына ұшыраған аты-шулы "Charlie Hebdo» сатиралық басылымының бұл қадамын мұсылман үмбетінің сынға алуына байланысты аталмыш басылымға қолдау білдіру мақсатында аталған карикатураны өз басылымдарында басып шығарғаны үшін айыпталып отыр. Осылайша, түріктердің «Республика» мерзімді басылымы аталған карикатураны жариялаған халықаралық бес басылымның біріне айналды. Түркия прокуратурасы тілшілерді 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот алқасы оларға жеңіл үкім шығарды. Өздерін кінәлі санамайтын айыпкерлер бұл үкіммен де келіспей отыр. Жейда Каран Түркияны «исламмен тұздықталған фашистік мемлекет» деп атап, асыл дінімізге тағы тіл тигізді. 

0 пікір
Мұрағат