Саудиядағы жаппай жазалау
Саудиядағы жаппай жазалау
5 жыл бұрын 2454 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы аптада Саудияның ауыл шаруашылығы, су ресурсы және қоршаған орта жөніндегі министрлігі қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларын қоса алғанда бес првинция бойынша 500 000 риал (1330330 доллар) шамасында айыппұл салды. Жануарларды қорлағаны үшін. Мұндай аса ірі айыппұлдың салынуына түйе асыраушылардың әрекеті себеп болған. Олар  төрт түліктің төресі қатысатын байқауда жеңімпаз атану үшін ойсыл қара тұқымының ернін ботокс айдаған. Жануарлар құқығын қорғаумен айналысатын аталмыш министрлік бөлімшесінің жетекшісі Әлі әл-Дуайреж жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін мұндай процедураларды орындауға тыйым салынатынын ескертті. 

0 пікір
Мұрағат