Саудия жасанды зерде технологиясын дамытуға 40 млрд доллар қаржы бөледі
Саудия жасанды зерде технологиясын дамытуға 40 млрд доллар қаржы бөледі
1 ай бұрын 550 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: iLexx

Сауд Арабиясының билігі жасанды зерде технологиясына шамамен 40 млрд доллар мөлшерінде қор құруды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The New York Times мерзімді басылымы мен ТАСС ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия билігі бұл бағытта Марк Андресен мен Бен Хоровиц құрған Кремний алқабының Andreessen Horowitz венчурлік қорымен және басқа инвесторлармен ынтымақтастықты талқылап жатыр. Саудия өкілдері серіктестерге елде бірнеше технологиялық стартаптар құру мүмкіндігін қарастырып жатқандарын, соның ішінде АІ саласындағы өздерінің компанияларын дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді. Сауд Арабиясының бұл тараптағы инвестициялық жобасы осы жылдың екінші жартысында жүзеге асуы мүмкін. Аталған қор Сауд Арабиясын AI саласындағы әлемдегі ең ірі инвесторға айналдырып, оның экономикасын әртараптандыруға деген ұмтылысын дәйекті етеді. Араб елі бұл мақсатын активтері 900 миллиард доллардан асатын Ұлттық қор арқылы жүзеге асырады. 

0 пікір
Мұрағат