Сауда соғысы валюталық соғысқа ұласады
Сауда соғысы валюталық соғысқа ұласады
6 жыл бұрын 5555 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында Капитал дүниежүзілік сауда балансының ғаламдық нарығындағы макроэкономикалық стратегиясы жөніндегі бөлім жеткшісі Нил Маккиннон мәлім етті. Оның айтуынша, қазірдің өзінде қаржы нарығына төнген қауіп қатерлі сипат алып отыр. Мәселен, АҚШ-тың Қытаймен арадағы сауда соғысы, сондай-ақ, Еуроодақ елдері, Канада және Мексикаға баж салығын арттыруы әлемдік экономиканы артқа тартпаса да зардаптары айтарлықтай ауыр болмақ. Бәрі бір-бірімен байланысып жатқандықтан АҚШ-тың бұл қадамы өз кезегінде жағымсыз салдарға апарып соқтырады. Әдетте сауда соғысы ең алдымен сол соғысты басаған елге ауыр тиеді. Мәселен, америкалық секторға тиесілі сатудан түсетін пайданың дені Қытай үлесінде (ішінара алғанда, Қытайда Apple өнімдерінің 20%-ы сатылады). Бұған қоса, америкалық мемлекеттік қарыздың көп бөлігі Қытайға тиесілі. Қаржыгерлер мен сарапшылардың, экономистердің сөзіне қарағанда, сауда соғысы валюта соғысына ұласады. Сауда соғысына тартылған кез келген ел үлесінен қағылмауы үшін түрлі шараға барып жатады, соның ішінде, өздерінің ұлттық валютасын девальвациялайды. Қазіргі уақытта ЕМ-валютасы (Emerging Markets - дамушы нарық валютасы) сыр беріп отыр. Яғни, ағымдағы шотында тапшылық бар, инфляция деңгейі жоғары және сыртқы қаржыға тәуелді дамушы елдер валютасы. Доллар бағамының өсуі өз кезегінде дамушы елдерден капиталдың айтарлықтай жылыстауын тудырып отыр. Мәселен, Түркия, Индонезия, Мексика, Аргентина пайыз ставкасын өсіруге мәжбүр болып отыр. Өздерінің ұлттық валютасын қорғау үшін. Алайда, мұндай қатаң ақша саясаты келешекте экономикасының дамуына жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Мәселен, мына кестеден түрік лирасының құнсыздану деңгейін байқай аласыз: 

FIG.1

Ал Қытай әзірге юанды девальвациялаудан тартынып отыр. Алайда, түбінде аталған ел де қатаң ақша саясатына көшуі мүмкін. Сауда соғысын бастаған АҚШ-қа қарымта жауап ретінде. Қытайдың халық банкі, міне, бір жылдың жүзі болып қалды, валюта нарығында интервенция жүргізген емес. 

0 пікір
Мұрағат