Сауд Арабиясы мен Мысыр тұшшы су үшін соғысуы мүмкін бе?
Сауд Арабиясы мен Мысыр тұшшы су үшін соғысуы мүмкін бе?
7 жыл бұрын 5936 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында соңғы жылдары жаһандық жылынудың салдарынан және халық санының көбеюінен ауыз су тапшылығы түйінді мәселеге айналған. Сарапшылар саудиялықтардың су тапшылығын Судан аумағынан канал тарту арқылы Ніл өзенінің ресурсын пайдалану жолымен шешуге болатынын алға тартып отыр. Бұл жайында NoonPost ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, аталған жобаны іске асыла қоюы екіталай, өйткені, бұл жоба күнкөрісі осы өзеннің суына тәуелді көрші елдерге, ең алдымен, Мысырға елеулі залал келтіреді. Сауд Арабиясында әлемдегі сирек кездесетін аса ірі теңіз суын тұшшы суға айналдыратын құрылғы болғанымен, демографиялық ахуалға байланысты артып отырған ауыз суды тұтыну деңгейінің жоғары болуы қосымша ресурсты қажет етеді. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, Нілдің суын пайдалану жобасын Судан тарапы қолдауы мүмкін. Өйткені, бұл Судан үшін тиімді жоба: өз аумағы арқылы өтетін суды еркін пайдалана алады. Алайда, Мысыр басқа мәселе. Пирамидалар елінде әлемдегі ең ірі су бассейні бола тұра халық санының өсуі мен климаттық өзгерістерге байланысты ауыз су тапшылығы қазірдің өзінде өткір сезіле бастады. Бұған қоса, Мысыр бюджетінің тапшылығын, яғни, Сауд арабиясы секілді мұнайдан түсетін артық қаражаты жоғын ескерсек, теңіз суын тұшшыландыратын құрылғы орнатуға қауқарсыз. Сарапшылар не дейді? Аймақтағы жетекші державалар, яғни, халықаралық және аймақтық мәселелерде мүдделері бір жерде тоғысқанымен алдағы уақытта соғыс болмаса да ауыз су үшін екі елдің қарулы қақтығысқа баруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. 

0 пікір
Мұрағат