Сауд Арабиясы мен Франция ИСИМ-нен қорғануы үшін не істемек?
Сауд Арабиясы мен Франция ИСИМ-нен қорғануы үшін не істемек?
10 жыл бұрын 2919

Сауд Арабиясы мен Франция билігі Ливан елінің ИСИМ содырларынан қорғануы үшін жалпы құны 3 млрд доллар сомасындағы қару-жарақпен қамтамасыз етеді. Аталған екі ел де Ливанға бас сауғалаған босқындар арқылы аймақтағы жағдайды ушықтыруды көздейтін радикалды ИСИМ содырларының Сирия мен Шамдағы белсенділік танытуынан қауіптеніп отыр. Жуырда Франция президенті Франсуа Олланд пен Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Салман ибн Әбдіәзіз кездесіп, осы мәселені талқылады. Ливанды қандай қару-жарақ түрлерімен жабдықтайтыны әзірге белгісіз. Осы кездесудің қарсаңында Ливанның Сыртқы істер министрлігінің басшысы ИСИМ содырларымен күресу үшін күш біріктірудің қажеттілігіне тоқталып, осы елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндірген аталмыш радикалды топтан қорғануына халықаралық қауымдастықтан қолұшын беруді сұраған болатын.

0 пікір
Мұрағат