Сарапшылар: жастардың радикалдануына биліктің өзі кінәлі
Сарапшылар: жастардың радикалдануына биліктің өзі кінәлі
2 жыл бұрын 581

Австралиялық сарапшылар ел премьері Тони Эбботт жетекшілік еткен билікті исламофобиялық мәлімдемелері үшін қатаң сынға алды. Жастардың радикалдануына осылайша жол ашып отырғандығын бетіне басты. Нақтырақ айтқанда, Кертин университетінің терроризмге қарсы сарапшысы Анн Эли соңғы уақытта мұсылман жастарын экстремизмге қарсы бағдарламаға тарту ісінің маңдымай қойғанын тілге тиек етті. «Саяси салмағы ауыр исламофобиялық мәлімдемелер кері әсерін тигізбей қоймайды», - деген оның бұл сөзін «The Australian» ақпарат көзі іліп әкетті. Оның және өзге де сарапшылардың айтуынша, Австралия билігі экстремизм идеологиясымен күресудің орнына мұсылмандардың өзімен күресіп әлек болып жүр. Яғни, австралиялықтарды олардан қорғауды желеу етіп, мұсылман жамағатын қоғамнан бөліп тастаған. Бұл өз кезегінде мұсылман жамағатының радикалдануына апарып соқтырмақ.

0 пікір