Сарапшы Түркиядағы Ресей елшісіне жасалған қастандықтың артында кімдер тұрғанын айтып берді
Сарапшы Түркиядағы Ресей елшісіне жасалған қастандықтың артында кімдер тұрғанын айтып берді
7 жыл бұрын 5093

РФ президентінің жанындағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі әрі белгілі исламтанушы Александр Игнатенко Түркиядағы Ресей елшісіне жасалғанын қастандыққа кімдердің дем бергенін айтып берді. Оның жорамалы қаншалықты шындыққа сәйкес келеді, ол жағын өзіңіз саралай жатарсыз. Ол орыстардың «Новости» ақпарат көзіне берген сұхбатында былай дейді: «Бұл қылмысқа уахабшылдық жайлаған Сауд Арабиясы мен Катардың арнайы қызметтерінің қатысы болуы мүмкін. Соңғы кездері олар Алепподағы дағдарыстың шешімін табуына Түркия мен Ресейдің арағайындық етуіне наразылық білдірген болатын. Оның үстіне, қаскүнемнің өзі уахабшылдардың басты қимыл-белгісін көрсетті – саусағын жоғары көтерді». Сарапшының айтуынша, уахабшылдар осылай ету арқылы арасы енді дұрысталып келе жатқан екі елдің арасына от салуды көздеген. Бұған қоса, елшіге қастандық жасаған қылмыскердің тұрған үйін тінту кезінде саудиялық діндар әл-Усаймина  шығарған Ресейге қарсы пәтуа табылған.

0 пікір
Мұрағат