Сәжде үшін қаржыдан қағылуы мүмкін (видео)
Сәжде үшін қаржыдан қағылуы мүмкін (видео)
8 жыл бұрын 3880

Францияның Ницца қаласының әкімі Кристиан Эстроси осы шаһардағы мешітті жаппақ болып тыраштанып еді. Ол әрекетінен түк шықпағаннан кейін жергілікті «Ривьера»  футбол клубының құрамындағы мұсылмандарға ойын алаңында сәжде ететіні үшін шүйлікті. Діни азшылықты құрайтын жергілікті мұсылмандарды тұқырту үшін, дәлірегі, ойын алаңында Аллаға шүкіршілік білдіріп, сәжде ететін әдеттерін тыймаса, аталған футбол клубының қаржыландырылмауына күш салатынын жеткізді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Beast» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Оңшыл радикалды бағытты ұстанатын исламофоб әкім 1995 жылы қабылданған діннің мемлекет ісіне араласпауын назарда ұстайтын зайырлы қоғам талабынан туындаған заңның қатаң сақталуын осылайша қамтамасыз етпекші. Өздеріңіз білетіндей, әлемдік футбол тәжірибесінде ойын алаңында аяқ доп шеберлері өздерінің наным-сеніміне қарай ойын Жаратқанға сыйынып жатады. Мәселен, христиандар шоқынып дегендей. Мұсылман ойыншылар да қақпаға гол кіргізген сайын Аллаға шүкіршілік білдіріп, сәжде етеді.

Мэр Ниццы запретил футболистам-мусульманам молиться на поле (ВИДЕО)

Кристиан Эстроси

0 пікір
Мұрағат