Сахара шөлінде 44 адам қаталап өлді
Сахара шөлінде 44 адам қаталап өлді
7 жыл бұрын 3643 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі ең үлкен Сахара шөлінің Нигерияға қарайтын аумағында 44 адам қаталап өлді. Шөлдеп өлгендердің дені балалар мен әйелдер. Бұл қайғылы оқиға босқындар басында болды. Еуропаға төтелей бас сауғалағандар Сахара шөлін кесіп өтіп, Жерорта теңізіне жетіп, Еуропа аспақ болған екен. Алайда, елсіз, иен жатқан тұлдыр жоқ шөлдің ортасында 50 адам мінген автокөлік бұзылып қалған. Мигранттар Гана елінен болатын. Олар бір аптадай уақытын шөлде өткізген. Бұл аралықта тек алты адам ғана тірі қалған болатын. Олар ең жақын маңдағы мигранттарға көмек көрсететін орталыққа ауыр халде жеткізілді. 

0 пікір
Мұрағат