Әлемдегі алғашқы робот полицей бүгін алғашқы жұмыс күнін бастады (видео)
Әлемдегі алғашқы робот полицей бүгін алғашқы жұмыс күнін бастады (видео)
7 жыл бұрын 4062 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Амбициясы көктіреген зәулім үйлеріндей тым асқақ Дубай қаласының көшелерін бүгіннен бастап, әлемдегі алғашқы робокоптар қарауылдайтын болды. Олар жұмысын әлемдегі ең биік ғимарат - «Бурдж Халифа» кешенінен бастамақ. Робокоп полиция күнқағарын киіп, доңғалақпен жылжиды, жұмысында сенсорлық экранды пайдаланыды. Ондағы камера арқылы іздеуде жүрген немесе оғаш әрекетімен көзге түскен қылмыскерлер мен күдіктілер туралы ақпаратты арнайы командалық орталыққа жеткізеді. Робокоптар туристер шоғырланған аудандарды қарауылдайды. Айта кетейі, 2030 жылға дейін робокоптар тәртіп сақшыларының 25 пайызын алмастырмақ. 

 

0 пікір
Мұрағат