Сәбилі болған әкелерге бір апта демалыс берілмек
Сәбилі болған әкелерге бір апта демалыс берілмек
7 жыл бұрын 2285 Stan.kz

Чехия парламентінің депутаттары сәбидің өмірге келуіне байланысты әкелерге бір апталық демалыс беру туралы заңнамаға түзетулер енгізді.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

“Бала дүниеге келгеннен соң жарты жыл ішінде жас әкелер бір апталық демалыс ала алады және жалақыларының 70%-ы сақталатын болады. Заңға енгізілген түзетудің мақсаты – әкелерді бала күтіміне ат салысуға ынталандыру”, — делінген хабарламада.

Аталмыш заң жобасы жоғары палатада талқыланып, содан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі.

0 пікір
Мұрағат