Ресейге сенім жоқ: тағы бір жоба ресейліктерді айналып өтті
Ресейге сенім жоқ: тағы бір жоба ресейліктерді айналып өтті
6 жыл бұрын 6134 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның Ескішаһар провинциясында аса маңызды жобаға қатысты салтанатты әрі айтулы шара өтті. Нақтырақ айтқанда, Әзірбайжаннан көгілдір отынды тасымалдауға арналған тарнсанатолилік газ құбыры (TANAP) іске қосылды. Бірден айта кету керек, бұл Ресей аумағын айналып өтіп, Еуропаны газбен қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы зор жоба. Оның ашылу салтанатына Түркия, Әзірбайжан, Сербия, Украина президенттері және энергетикалық компаниялардың жетекшілері қатысты. Белгіленген мерзімінен бұрын аяқталған бұл жобаны жүзеге асыру үшін қаншалықты саяси күш-жігер қажет болды десеңізші. Бұл - кәрі құрлықтағы ең ірі газ құбыры. "Оңтүстік газ дәлізі" жобасы Түркия мен Еуропа одағын энергиямен қамтамасыз етуді әртараптандыруға, яғни, диверцификациялауға мүмкіндік беріп қоймай, Ресейдің ықпалын азайтуға септігін тигізбек. TANAP-тың газ айдау мүмкіндігі жылына 16 млрд текше метрге жетеді. 

0 пікір
Мұрағат