Елбасын мақтауға және оған жағымпаздануға тыйым салынды
|
Өзбекстан билігі елбасын, яғни, Шавкат Мирзеевті мақтап, оған жағымпаздануға тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұл жайында Оzodlik.org ақпарат көзі хабар таратты. Елбасын мақтаған кез келген ән-жыр, өлең, т.б. сахнададан, теледидардан, т.б. айтылмауы тиіс. Егер тыйымға қарамай орындалса, мұндай әрекетке жол бергендер ән шырқау, ән шығару, т.б. лицензиясынан айырылады. Өзбек билігі мұндай қадамға не үшін барып отыр? Жуырда әлеуметтік желіде Дилфуз Ысмаилова есімді 49 жастағы әншінің "Мынау әсем жердің сұлтаны аман болсын"деп аталатын клипі себеп болған. Бұл клипте елбасы асыра мақталған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды