Ресей мұсылмандарға қолдау көрсетуден бас тартты. Неге?
Ресей мұсылмандарға қолдау көрсетуден бас тартты. Неге?
7 жыл бұрын 5008 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің Мьянмадағы азшылықты құрайтын, байырғы атамекенінен қуылып, өз жерінде азаматтық ала алмай отырған, ең сорақысы, будда радикалдарының агрессиялық әрекетіне көз жұма қараған ел билігі тарапынан ашықтан-ашық қысым көріп отырған рохиньялық мұсылмандарды қорғауды қарастыратын қарарын қолдаудан бас тартты. Бұл жайында "Рейтер" ақпарат агенттігі хабар таратты. БҰҰ ұсынған аталмыш құжатта, сондай-ақ, қуғын-сүргінгі ұшыраған Мьянмадағы мұсылмандарға гуманитарлық көмек көрсету қарастырылған. Айта кетейік, бұл қарарды алдымен Қытай қолдамады, іле-шала Ресей де бас тартты. Неге? Сарапшылар әзірге бұл сауалға жауап бере қойған жоқ. Біздің нұсқамыз бойынша қазіргі уақытта санкция астында қалып, әлемнен оқшауланып қалған Ресейге саяси аренада аса ірі державаның қолдауы керек. Ол - Қытай. Екіншіден, Қытай өз ішіндегі күрмеуі көп мәселеге айналған ұйғыр мұсылмандардың құқығын аяқ асты етіп отыр. Егер аталмыш қарарға қолдау көрсетсе, ұйғыр мәселесін мұсылмандар пайдасына шешуіне тура келеді. Бұл Қытайға тиімсіз. 

0 пікір
Мұрағат