Ресей армиясы үлкен соғысқа дайындалып жатыр
Ресей армиясы үлкен соғысқа дайындалып жатыр
6 жыл бұрын 2727 jasqazaq.kz

Ресейде үш жүз мың сарбаздың қатысуымен ең ауқымды әскери оқу-жаттығу жұмыстары басталды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 11 қыркүйек күні елдің Қиыр Шығысында 300 мың сарбаз, 1000-ға жуық ұшақ, 36 мың танк, 80 әскери кеменің қатысуымен «Шығыс-2018» әскери оқу-жаттығу жұмыстары басталған. Оқу-жаттығу жұмыстары қыркүйек айының 17-іне дейін созылмақ. НАТО Ресейдің «Шығыс-2018» әскери оқу-жаттығу жұмыстарына «Мәскеу үлкен соғысқа дайындалып жатыр» деген баға берді. Дәл осындай оқу-жаттығу жұмыстары Кеңестер одағының тұсында 1980 жылы Варшава келісімі елдерінің қатысуымен өткен. Ол кезде батыс елдері Кремльдің бұл әрекетіне «өзінің күш-қуатын әлемге паш ету және ірі әскери операцияға дайындық» деп бағалаған.

0 пікір
Мұрағат