РАМАЗАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК 50%-ҒА АРЗАНДАЙДЫ
РАМАЗАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК 50%-ҒА АРЗАНДАЙДЫ
8 жыл бұрын 3911 e-islam.kz

Біріккен араб әмірлігінің Экономика министрлігі Рамазан айында барлық қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасы 50%-ға төмендетілетінін хабарлады. 

Осыған байланысты екі апта ішінде ел аумағындағы барлық сауда нүктелері тауарлар мен қызметтердің бағасын төмендету бойынша жоспарларын әзірлеуі тиіс.

Министрлікке қарасты Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті директоры Хашим әл-Нуэйми бұл шаралар жеміс-жидек пен өзге де қажетті азық өнімдері жетіспеушілігінің алдын алуға көмектеседі деп түсіндірді.

Абу Даби қаласында кәсіпкерлермен кездесу барысында доктор Нуэйми 2015 жылы Рамазан айында 2014 жылмен салыстырғанда азық-түлікті 20 пайызға көтеріп сату фактілері тіркелгенін атап өтті. 

0 пікір
Мұрағат