Қызтекелерге қарсы арнайы жасақ құрылады
Қызтекелерге қарсы арнайы жасақ құрылады
7 жыл бұрын 3385 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезияның Батыс Ява провинциясында ЛГБТ қауымдастығының өкілдеріне қарсы арнайыч жасақ құрылатын болды. Аталмыш провинция полициясының жетекшісі Антон Шарлиянның (Anton Charliyan) айтуынша, оның құрамына контрбарлаудың және оператившіл мамандар кіреді. Арнайы жасақ қызтекелердің бас қосатын құпия орындарын анықтаумен және олардың қоғамды азғындыққа итеретін әрекеттерімен күресумен шұғылданады. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Ал қолға түскен қызтекелер заң алдында жауапқа тартылады. Дәлірегі, әлеуметтік шектеулер қойылады. Аталған провинция полициясы мұнымен ғана шектеліп қалмай азғындыққа қарсы күресте жергілікті тұрғындардан көмек сұрап отыр. Яғни, қызтекелер туралы ақпарат жеткізуді сұрап отыр. Индонезия полициясының баспасөз хатшысы Сетьо Васистоның (Setyo Wasisto) айтуынша, ЛГБТ қауымдастығымен күрес Индонезияның жалпы ұлттық стратегиясында қарастырылған. Айта кетейік, дәл қазіргі уақытта аталған ел аумағында шариғат талаптары қатаң сақталатын Ачех провинциясын айтпаған күннің өзінде, барлық провинцияда гомосексуализмге заң жүзінде қатаң тыйым салынған. 

0 пікір
Мұрағат