Қытайдың бір ғана қадамынан күллі әлемді қоқыс дағдарысы шарпып барады
Қытайдың бір ғана қадамынан күллі әлемді қоқыс дағдарысы шарпып барады
5 жыл бұрын 5552 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезия 50-ге тарта қоқыс толтырылған контейнерді Франция мен өзге де дамыған елдерге қайтарып бермек. Бұл жайында Detik порталы хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің хабарынша, онсыз да халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығыс Азия елдері қоқыс полигонына айналғысы келмейді. Дәл қазіргі уақытта Индонезия аумағында дамыған елдерден әкелінген 49 қоқыс контейнері бар. Ионднезияға қарасты Батам аралында орын тепкен кеден қызметінің қызметкерлері пластикалық және улы қоқыстар АҚШ, Австралия, Франция, Германиядан келетінін жеткізді. Биыл Индонезия АҚШ-қа бес контейнер қоқысты қайтарып берді.  Қоқысты шикізат ретінде пайдаланатын Қытай 2018 жылы әлем елдерінен қоқысты қабылдауды кілт тыйған болатын. Қытайдың бұл әрекеті өз кезегінде әлемнің қайта өңдеу нарығында хаос тудырып, дамыған елдерді қоқысын шығаратын елдерді іздеуге итермеледі. 2019 жылдың мамыр айында Малайзия билігі жүздеген тоннаға жететін пластик қоқысты дамыған елдерге кері жөнелтетінін мәлімдеді. Осыдан бірер күн жазғанымыздай, Филиппин Канадаға қоқысын жөнелткені турасында жазған болатынбыз. Филиппин 69 қоқыс контейнерін Канадаға қайтарып берген болатын. Бүкіл әлемдік жабайы табиғатты қорғау қорының (WWF) келтірген дерегіне қарағанда, әлем бойынша жыл сайын 300 млн тоннаға тарта пластик қоқыс тасталады. 

0 пікір
Мұрағат