Глифосатқа тыйым салынды
Глифосатқа тыйым салынды
5 жыл бұрын 2560 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кеше, яғни,  шілде айының 2-сі күні Австрияның ұлттық кеңесі глифосатты ауыл шаруашылығында пайдалануға толық тыйым салатын заңды қабылдады. Алайда, аталған елдің бұл шешімі өз кезегінде Еуропалық одақтың заңнамасына қайшы келуі мүмкін. Өйткені, ЕО заңнамасында глифосатты 2022 жылға дейін пайдалануға рұқсат берілген. ЕО құрамындағы жекелеген елдер глифосатты пайдалануға қатысты шектеу енгізуге құқылы, бірақ, толық тыйым салуына болмайды. Соған қарамастан Greenpeace деп аталатын экологиялық ұйым Австрия билігінің бұл қадамын тарихи оқиғаға балап, өзге елдерге үлгі етіп жатыр. Глифосат немесе N-(фосфонометил)-глицин негізінде гербицид тыңайтқышы жасалады. Бұл тыңайтқыш түрі арам шөптермен күресуге мүмкіндік береді. Кей зерттеу нәтижелері көрсеткендей, глифосат канцерогенді болуы мүмкін, алайда, бұл жөнінде толыққанды ақпарат жоқ. Бұл тыңайтқыш экономикалық жағынан тиімді болғанымен қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін. Бұдан бөлек, оның табы топырақ құрамында ұзақ уақыт сақталады. Соған қарамастан глифосат негізінде жасалған гербицид әлемдік нарықтағы гербицидтің шамамен 25%-ын құрап отыр. Еуропалық елдердің көбісінде бұл тыңайтқыш күнбағыс, жүгері, қант қызылшасы, т.б. кеңінен танымал ауыл шаруашылық өнімдерін алуда пайдаланылады. Мәселен, Германияның ауыл шаруашылығына жарамды жердің жартысына жуығында осы тыңайтқыш пайдаланылады. 

0 пікір
Мұрағат