Қытайда семіздікке шалдыққан жастар саны артып келеді (видео)
Қытайда семіздікке шалдыққан жастар саны артып келеді (видео)
8 жыл бұрын 2517 24.kz baby.ru

Қытайлық жастар арасында семіздікке шалдыққандар саны артып келеді. Мамандар оған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер себеп дейді. Соның кесірінен жасөспірімдер жедел дайындалатын тағамдарды көп жеп, аз қозғалатын болған. Егер 1985 жылы 19 жасқа дейінгі жеткіншектердің 1 пайызы ғана семіздікке шалдықса, 2014 жылы бұл көрсеткіш қыздар арасында 9, ал ұлдар арасында 17 пайызға жеткен екен. Осы ретте сарапшылар Қытай билігін бұл мәселеге көп көңіл бөліп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып отыр. 

 

0 пікір
Мұрағат