Жаһан: Биыл Таяу Шығыс елдері мұнайдың арзандауынан қанша шығынға батады?
Жаһан: Биыл Таяу Шығыс елдері мұнайдың арзандауынан қанша шығынға батады?
8 жыл бұрын 3396

Экономикасы мұнай шикізатына тәуелді Таяу Шығыс елдері биыл әлемдік нарықта қара алтын бағасының құлдырауынан 150 млрд доллар шығынға батады. Халықаралық валюта қоры осындай мәлімет келтіріп отыр. «Мұнай өндіретін елдер экономикасы қара алтын бағасының төмендеуіне осымен екінші жыл қатарынан бейімделуге тура келіп отыр. Осы елдердің бюджеті шығыс пен кіріс бойынша салыстырмалы тепе-теңдікке жетуі үшін әлі бес жыл күтуге тура келеді. Аталған мерзімнен кейін мұнай өндіретін мемлекеттер жайлы экономикалық ахуалға қол жеткізеді»,- деді Таяу Шығыс пен Орта Азия жөніндегі ХВҚ департаментінің жетекшісі Масғұд Ахмет. Сарапшының айтуынша, мұнай ресурсы бағасының құлдырағанынан алдымен Сауд Арабиясы мен Кувейт жапа шегетін болады. Аталған елдер бюджет тапшылығана ұшырап үлгерген. Айта кетейік, өткен жылы мұнай экспорттаушы елдер жалпы жиынтығы 390 млрд долларға жуық қаражаттан қағылған болатын. 

 

Бразилия бір жыл ішінде $125 млн коррупциялық ақшаны елге қайтарды

 

Бразилияның Әділет министрлігі өткен жыл ішінде жемқор шенеуніктер мен саясаткерлер шетел банктеріне аударған  125 млн доллар қаржыны құқық қорғау органдарының елге қайтарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Би-би-си". 

Министрлік атап өткендей, бір жылдың ішінде ел бюджетіне қайтарылған ақша көлемі өткен жылдарға қарағанда сегіз есе көп. Ведомствоның түсіндіруінше, бұл жемқорлық қылмыс жасады деген сезікті адамдармен мәміле жасаудың арқасында мүмкін болды. 

Министрліктің деректері бойынша, елге қайтарылған ақшаның көп бөлігі (95 млн доллар) мемлекеттік "Petrobras" мұнай компаниясына тиесілі болған. Одан қаражатты сыртқа шығару туралы іс бойынша ондаған саясаткер мен компания қызметкерлеріне қатысты іс қозғалған. 

Тергеу органдарының пікірінше,  "Petrobras" компаниясының жоғары лауазымды қызметкерлері мен саясаткерлердің қатысуымен коррупциялық схеманың іске асырылуынан компанияға 2 млрд доллар нұқсан келтірілген. Тергеу органдары шетелден қайтарып алған бүкіл қаражат компанияға табысталады. 

"Petrobras" ісі бойынша бірнеше адам сотталды, солардың ішінде компанияның бұрынғы басшылары да бар. Олар ақшаны тазартып заңдастыру және коррупция бойынша кінәлі деп танылды. Сот анықтағандай, олар "Petrobras" компаниясының мердігерлерінен миллиондаған доллар «откат» алып отырған. 

0 пікір
Мұрағат