Қытайда жүздеген жылға жететін мұнай-газ кен орны табылды
Қытайда жүздеген жылға жететін мұнай-газ кен орны табылды
5 жыл бұрын 3485 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың ұлттық мұнай-газ теңіз корпорациясы (China National Offshore Oil Corporation, CNOOC) аталған елдің солтүстік-шығысында орын тепкен Боқай шығанағынан мұнай мен газдың аса ірі кен орнын тапқанын мәлімдеді. Бұл жайында қытайлардың China Daily ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш кен орнындағы газдың қоры 100 млрд текше метрден асып түседі. Соңғы жарты ғасыр ішінде тбылған ең ірі кен орны. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Боқай шығанағы Қытайдың мұнай қоры мол аймағы. Бұл жерде жыл сайын мұнай шикізатының шамамен 40 пайызы өндіріледі. Боқай шығынағындағы мұнай бассейні ел астанасы - Бейжің қаласынан 100 шақырым қашық жатыр. Қытай барланған мұнай қоры бойынша әлемде 13-ші орында тұрған ел. 

0 пікір
Мұрағат