Қытайда «болашақ автобусын» сынақтан өткізді (ФОТО/ВИДЕО)
Қытайда «болашақ автобусын» сынақтан өткізді (ФОТО/ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3962 inform.kz

Тамыз айының 2-сі күні тап астынан машиналар өте алатын қытайлық «болашақ автобусын» сынамалық маршрутқа шығарды. Бұл туралы  «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап "TJ" хабарлады. Онда TEB деп аталатын (Transit Elevated Bus) автобусты Циньхуандао қаласында сынақтан өткізгендігі айтылды. Оның тежегіш жүйелерін, қас беттерін және ТЕВ-ті құрастырған «Tebtech»  компаниясының техникалық тапсырмасына сай энергия пайдалану жайы тексерілді. Ерекше автобустар қытай жолдарындағы кептелістерді азайтуы тиіс. Айта кетер жайт, TEB  құрылымы автомобильдерге оның астынан да өтуге мүмкіндік туғызады. Сынамалық жүруді «Синьхуа» агенттігі Фейсбукте жариялады. «Болашақ автобусының» қандай болатындығы туралы тұжырымдамалық үлгі мамырдың соңында Бейжіңде өткен халықаралық жоғары технологиялар  көрмесінде ұсынылған болатын..Оның ені 8 метрге жуық, биіктігі 4,6 метр, ал ұзындығы 32 метр. Алып  автобусқа 900-ден 1200 жолаушыға дейін сияды. Бұқаралық ақпарат құралдарында осы тұжырымдамалық үлгі жарияланғаннан кейін көптеген оқырмандар бұл макет пен 3D-рендердің өмірге жолдама алатындығына сенбеген еді. Бірақ, оны жасаушылар автобусты сынамадан өткізуді 2016 жылдың екінші жартысында өткізуді бастаймыз деген болатын. 

0 пікір
Мұрағат