Қытай микрочипінің әскери қуаты
Қытай микрочипінің әскери қуаты
4 жыл бұрын 3011 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде әлемді бұрынғыдай алтын құймалары емес, микрочип билеп-төстеп отыр. Микрочипсіз ұшақ пен зымыран да ұшпайды, онсыз кеме де жүзбейтін болған. Қысқасы, осы заманғы техниканың барлығында дерлік микрочип қолданылады. Микрочип индустриясы Қытай үшін әлемдегі ахуалға ықпал етудің аса қуатты тетігіне айналды. Мәселен, қытайда жасалынған микрочип Иранға аз уақыттың ішінде АҚШ агрессиясынан қорғайтын жаңа зымыранды құрастыруға мүмкіндік берді. Икбал Малһотра және Маруф Раза есімді тегі үнді, мұсылман сарапшылары «Кашмир: айтылмаған тарих» атты еңбектерінде осы заманғы микроэлектроника негізіне айналған жартылай өткізгіштің стратегиялық шикізаты болып табылатын поликристалдық кремни индустриясын дамытуға, күрделі әскери жүйеге, соның ішінде ғарыш аппараттарына арналған инновациялық микрочипті дайындауға қатысты жоспарын сипаттаған болатын. Қытайдың мемлекеттік поликристалл кремния зауыты Қашғарда орналасқа, өйткені, ол жақта Такла-Макан шөлінен кремнилік құм, ал Гималайдан таза су жеткізіледі. 30 сантиметрлік кремни пластинасын дайындау үшін 10 мың литр су кетеді. Қытай микрочип өндірісінде АҚШ-тың деңгейіне жете қоймаса да бағасы арзан. 2016 жылдың қараша айының 21-і күні елеулі оқиға орын алды: АҚШ-тың 4,4 млрд долларға бағаланған «Цумволт» зымыран тасығышы Панама каналынан өтіп бара жатып тоқтап қалады. Яғни, қозғалтқышы істен шығып, металломға айналады. Осылайша 4,4 млрд доллар желге ұшқан болатын. Осыған ұқсас жағдай британдық «Дункан» эсминцтің, Солтүстік саяси-әскери альянс маневрі кезінде «Гарпун» жүйесінің басында қайталанады. Бұлардың бәріне қытайда жасалған чиптер себеп болған. Арзанның жілігі татымас – британдық және америкалық мердігерлер арзан болғаны үшін Қытай чипін сатып алған. Ал ереже бойынша ядролық қаруды тасымалдаушыларда АҚШ-та, Жапонияда немесе Тайванда жасалынғанын қолдану керек-тұғын. Артынан тексере келгенде істен шыққан жүйелердегі чиптердің барлығы бір зауыттан жасалғаны әрі бәрінде де бірдей ақаудың бары белгілі болды. Қытайда жасалған чиптер электромагниттік импульстың әсерінен істен шыққан. Аса қауіпті электроника Британияның флотына да, байланыс желісіне де, тіпті, қару-жарағына да енгізілген. Соған қарамастан қытайлар алған бетінен қайтқан емес, қанша қиын соқса да радиацияның, вибрацияның және жоғары температураның теріс әсеріне төтеп бере алатын жоғары сапалы чип жасауға талпыныс жасап келеді. Мұндай чиптер жасанды жер серіктерінде, баллистикалық зымырандарда қолданылады. Мұндай сапасы мықты чиптің әрбіреуі АҚШ-та 2500 доллар тұрады. АҚШ билігі мұндай чиптерді Ресей мен Қытайға экспорттауға қатаң тыйым салған. Бір кездері АҚШ аумағынан бірнеше жүздеген ғарыш чипін Қытайға алып өтпек болған қытай тыңшысы ұсталған еді. Десе де АҚШ микроэлектроника өндірісі бойынша алдына қара салмаған ел бола тұра Қытайдан сапасы күмәнді 59 мың чип сатып алғанын айта кету керек.

Деректер интернет пен әскери мамандандырылған ақпарат көзідерінен алынды – islam.kz

Қарай отырыңыз:

 «Қытай дамуының жаңа "платформасы"» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-jana-platformasy-11484/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат