Қытай билігі юаньді құнсыздандырды, ал Түркия долларсыздандыру саясатын мықтап қолға алды
Қытай билігі юаньді құнсыздандырды, ал Түркия долларсыздандыру саясатын мықтап қолға алды
7 жыл бұрын 3441 inform.kz

Қытайдың қаржы билігі жергілікті экспорттаушыларға берген уәдесінде тұрып, төл валюталарын құнсыздандырды, деп жазады Қазақпарат. 

Сәрсенбі күні таңертең сауда нарығында қытай юанінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы биылғы көктемдегі ең төменгі межесіне түсті.

Елдің Ұлттық банкі капиталдың жылыстауын тоқтату және маусым айында АҚШ долларының нығаюы мүмкіндігінен юаньді сақтандыру мақсатында бақыланатын девальвация жасау туралы шешім қабылдады.

10 мамыр күні ҚХР-дың ұлттық валютасының бағамы бір АҚШ доллары үшін 7,12 юаньді құрады. Ал кеше елдің Ұлттық банкі юаньнің бағамын 6,90-ға дейін әлсіретті. Бұл соңғы екі айдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Bloomberg.

Қытай билігі ел ішіндегі капитал ағынын басқару мақсатында соңғы екі жыл бойы жоспарлы түрде бақыланатын девальвация өткізіп келеді. Мәселен, 2015 жылы юаньнің бір долларға бағамы – 6 пайызға, 2016 жылы 6,7 пайызға төмендеді. ҚХР-дың 2017 жылы ұлттық валютаны құнсыздандыруы, сондай-ақ капиталдың жылыстауымен байланысты.

Түркия долларсыздандыру саясатын қолға алды

Түркияда долларсыздандыру саясаты аясында бұдан былай елдегі барлық тендер тек түрік лирасымен ғана жүргізіледі, деп хабарлайды Haberler басылымы Түркия жекешелендіру мәселелері бойынша әкімшілігіне сілтеме жасап.

Тек енді қолға алынатын тендерлер емес, сонымен қатар қазір келісімшарты дайындалып жатқан тендерлік сауда да тек ұлттық валютамен есептесетін болады.

Стамбул биржасы 2 желтоқсан күні барлық операцияны лирамен жүргізіп, жиналатын қорды да тек ұлттық валютамен сақтау туралы шешім қабылдаған еді.

Президент Ердоған бұдан сәл ертерек ел азаматтарын тек түрік лирасымен ғана жұмыс істеп, артық ақшаны да өз валюталарында сақтауға шақырған.

Сонымен қатар Түркияның сауда палатасы да аталған бастамаға қосылды. Ведомства басшысы Ибрагим Чағлардың айтуынша, ел аумағында сауда палатасы тек түрік лирасын қолданбақ.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Ердоған Түркияның Ресеймен, Қытаймен және Иранмен арадағы саудасында тек осы мемлекеттердің валютасы қолданылатынын мәлімдеген еді.

0 пікір
Мұрағат