Қырғыздар жарады: уран өндірісіне тыйым салмақ. Жаңғыртылмайтын энергия көздерінің өндірісіне салынатын салық мөлшері артады
Қырғыздар жарады: уран өндірісіне тыйым салмақ. Жаңғыртылмайтын энергия көздерінің өндірісіне салынатын салық мөлшері артады
4 жыл бұрын 1788 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан парламенті ел аумағында уран мен тория өндірісіне тыйым салатын заң жобасын қолдады. Аталмыш заң жобасын 110 депутат жақтап дауыс берсе, 1 депутат (Азамат Арапбаев) қарсы болды. Бұл жайында қырғыздардың 24.kg ақпарат көзі хабар таратты. Қазан айының 8-і күні қырғыз парламентінің отын-энергетика кешені өніндегі комитет мүшелері уран өндірісіне тыйым салу қарастырылған заң жобасын қолдаған болатын. естеріңізде болса, осы жылдың көктемінде, дәлірегі, сәуір айында Ыстық көл облысына қарасты Тас-Бұлақ кен орнын «ЮрАзия» компаниясы игермек болғанда қоғамның наразылығын тудырған еді. Нәтижесінде аталған ел билігі кен орнына геологиялық барлауж ұмыстарын жүргізуге уақытша тыйым салған болатын.

Жаңғыртылмайтын энергия көздерінің өндірісіне салынатын салық мөлшері артады

2020 жылдан бастап, Италияда жаңғыртылмайтын энергия көздерінің өндірісіне салынатын салық мөлшері артады. Бұл жайында Il Messaggero ақпарат көзі хабар таратты. Осы мәселе бойынша бюджет жобасына енгізілетін тиісті түзетулерді парламент қарастыратын болады. Десе де мұның қоршаған ортаға тигізер пайдасынан бұрын ел тұрғындарының қалтасына салмақ салатынын айтып отыр сарапшылар. Электр энергиясының бағасы өседі.

0 пікір
Мұрағат