Қуыршақты не үшін шариғат шәлісімен қымтады?
Қуыршақты не үшін  шариғат шәлісімен қымтады?
8 жыл бұрын 2703 Қуыршақты киіндіріп, полицияға апар жатқа беттері

«Аспаннан түскен» резеңке әйел Индонезиядағы шағын ауылдың мазасын қашырды. Әлі күнге дейін өркениеттің небір қитұрқы сұмдықтарынан бейхабар ауыл тұрғындарының ойламаған жерден шала бүлінуіне не түрткі болды дерсіз. Тарқатып айтсақ, тұрғындар теңіз жағасынан дәу «әйел» қуыршақты тауып алады. Тауып алады да ауылға алып келмей ме. Жергілікті тұрғындар оны Құдайдың өзі жіберген деп топшылайды. Алайда, осы заманғы сұмдықтардан хабары бар араларындағы біреу оның ешқандай «аспаннан жіберілмегенін», тән тоятын басуға арналған қуыршақ екенін айтып, көздерін ашады. Оның бұл мәлімдемесі тұрғындарды сең соққандай есеңгіретіп тастайды. Жалаңаш қуыршақты шариғат талаптарына сай киіндіріп, полиция бөлімшесіне жөнелтеді. Тәртіп сақшылары өз кезегінде оны иесіне қайтарып беруге уәде береді.

33C478A800000578-3570702-Theory_punctured_Police_decided_to_investigate_after_becoming_co-m-6_1462260004420

0 пікір
Мұрағат