Құранмен ант бергені үшін жазықты болды (видео)
Құранмен ант бергені үшін жазықты болды (видео)
8 жыл бұрын 4796

Австралияда премьер-министр Кевина Радданың парламенттегі хатшысы болып тағайындалған 43 жастағы Эд Хьюзик қызметке кірісер алдында орындалатын дәстүрлі ант беру рәсімінде қасиетті Құранмен серт еткені үшін автралиялықтардың наразылығына тап болды. Осыған байланысты ол тілшілерге берген түсініктемесінде «мұсылман болғандықтан осындай әрекетке бардым» деп жауап қатты. Әдеттегі құттықтаулардың орнына оны жазғырып, бұл әрекетін сынға алғандар қарасы көп болды. «Бұл барып тұрған оңбағандық. Сен Австралияның Конституциясын бұлайша қалай елемедің. Біз сонда шариғат заңымен өмір сүретін болдық па? Сізге дауыс бермейтінім анық»,- деген сын айтушының уәжіне ол өзінің құқығын демократия талабына сай пайдаланғанын айтып, лайықты жауап берді.

1 пікір
Мұрағат