Қазақстанның бес азаматы Тайландта денге безгегін жұқтырды
Қазақстанның бес азаматы Тайландта денге безгегін жұқтырды
10 жыл бұрын 2744

Қазақстан Республикасының Индустрия және туризм комитетінің хабарлауынша, Тайландқа барған Қазақстанның бес азаматы денге безгегін жұқтырған. Соныммен қатар, аталмыш ведомстваның сайтында Тайландта бір жарым мыңдай адам осындай сырқатпен тіркелген. Қазақстан тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық хал-ахуалына бей-жай қарамаған комитет мамандары шетелге шығуда осы ақпаратты ескеріп, сақтануға шақырып отыр.

Сондай-ақ, Гвинеяда, Либерияда және Сьерро-Леонда Эбола дертін жұқтырғандар қарасының артып келе жатқаны айтылған хабарда. Қазіргі уақытта Эбола безгегін жұқтырғандар санының 1093 адамға жеткені, оның 660-ы осы дерттен қаза тапқаны белгілі болды. Тарқатып айтқанда, Гвинеяда 415 адам жұқтырып, олардың 314-і қаза тапқан; Либерияда – 224 адам жұқтырған (127 қаза тапқан); Сьерра-Леонда – 454 (219). 

0 пікір
Мұрағат