Қасиетті Меккеде төбелеске жол берілді (видео)
Қасиетті Меккеде төбелеске жол берілді (видео)
7 жыл бұрын 6422

Қасиетті Мекке шаһарындағы мешіттердің бірінде жамағат арасында төбелес болды. Төбелес кезінде олар суық қару да қолданған. Сауд Арабиясының полиция қызметкерлерінің айтуынша, қоғамдық орында тәртіп бұзғандар бір-бірімен сөзге келіп қалған, артынша бір-біріне жұдырық жұмсаған.Төбелеске алты адам қатысқан, олардың біреуі жарақат алып, ауруханаға жөнелтілді. Төбелес шығарғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. 

0 пікір
Мұрағат